Колледжде кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі біілім беру ұйымдары үшін практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және ұйымдарды практика базалары ретінде кәсіпорындарды айқындау қағидалары» туралы 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 521 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Жыл сайын оқу жылының басында кәсіптік практиканың түрлері, көлемі мен мазмұны айқындалған практиканың барлық түрлері бойынша жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді. Оқу жұмыс бағдарламаларын колледж басшысы бекітеді және жұмыс берушілермен келісіледі. Практикадан өту мерзімі оқу процесінің кестесінде көрсетіледі, оны басшы бекітеді және әлеуметтік әріптеспен келісіледі.
Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары практикалық оқытудың мынадай түрлерін көздейді: теориялық оқыту курсы кезеңіндегі зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика. Мамандықтар бойынша практикалық оқыту көлемі мамандықтар бойынша оқытудың жалпы көлемінің 40% - ынан асады, осылайша практикаға бағдарланған тәсілді көрсетеді және дуальді оқыту жүйесіне біртіндеп көшуді сипаттайды.
Пәндер бойынша оқу практикасы колледжде өткізіледі және оқу процесінде алынған теориялық білімді арнайы пәндер бойынша бекітуге бағытталған және оқытылатын мамандықпен, болашақ кәсіби қызметтің түрлерімен, функцияларымен және міндеттерімен таныстыру сипатында болады. Әдетте, оқу практикаларын оқытушылар жетекші пәндер немесе модульдер басқарады, олардың шеңберінде бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес оқу практикалары көзделген.
Өндірістік оқытудан өту колледждің оқу шеберханаларында өндірістік оқыту шеберлерінің басшылығымен ұйымдастырылады. Оқу практикасы білім алушыларға бастапқы кәсіби дағдыларды меңгерту мақсатында жүргізіледі.
Кәсіптік практика өндірістік практика базаларында ұйымдастырылады. Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізу үшін база ретінде жарғылық қызметі мамандарды даярлау бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалды.
Колледж тәжірибе базасы ретінде анықталған Ұлытау ауданының 15 кәсіпорнымен және ұйымдарымен шарт жасасты.
1.«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жезқазған түстімет» ӨБ Қарсақпай металлургия зауыты;
- ЖШС «Таң-нұры»;
- ЖК «Агатаев»;
- ШҚ «Бек-БИ»;
- ЖК «Ернұр»;
- ШҚ «Мусиев»;
- Шқ «Наурызбаев»;
- ЖК «Сағдат»;
- ШҚ «Сарыбаев»;
10.ЖШС «Арғымақ»;
11.ШҚ «Ақсай»;
12.ШҚ «Нысан-Бек»;
- «Қарғалы ауылдық әкімінің аппараты» КММ;
- «Талаптан ауылдық әкімінің аппараты» КММ;
- ШҚ «Төреханов»
Білім алушыларды кәсіптік практикаға жіберу өту мерзімі, практика базасы мен жетекшісі көрсетіле отырып, колледж басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Білім алушыларға кәсіптік практикадан өткені туралы жолдама бланкісінің ішінде күнделік-есеп беріледі. Күнделікті практикалық оқыту практика күнделіктерінде көрсетіледі, оларды практика жетекшісі колледжден жүйелі түрде бақылайды және тікелей басшының өндірістен қол қоюымен расталады. Практика жетекшілері өндірістік практика аяқталғаннан кейін практиканттың дайындық деңгейін және ұсыныстарын көрсете отырып, мінездеме жасайды және алынған құзыреттер деңгейін бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Практика жетекшілері өндірістік практика барысындабілім алушылардың практикадан өтуін бақылауды жүзеге асырады, кәсіпорынның шеберлерімен және тәлімгерлерімен тұрақты байланыс сақталады.
Білім алушылардың өндірістік және кәсіптік практика бағдарламаларын орындауы өндірістік оқытуды есепке алу журналында тіркеледі.
Колледж білім алушылары кәсіптік практиканың әрбір түрінің қорытындысы бойынша практика жетекшісі тексеретін есеп ұсынады. Колледжде кәсіптік практика есебін қорғау нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сараланған бағалары бар сынақтармен бағаланады.Технологиялық практика аяқталғаннан кейін мамандықтардың бағыты мен күрделілігіне байланысты тиісті кәсіптік біліктілікті растау және алу үшін емтихан жұмыстарын орындау түрінде аралық аттестаттау жүргізу көзделеді.
Мамандықтар бағыттары бойынша емтихан жұмыстарын орындау үшін құрамына ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) және колледждің өкілдері кіретін біліктілік комиссиялары ұйымдастырылады. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізілген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.
Білім беру қызметтеріне сұраныстың және колледж жұмысының тиімділігінің көрсеткіші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер болып табылады.
«Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ
түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер
Оқу жылы |
Барлық түлектер (адам.) |
Оның ішінде |
Жұмысқа орналасу деңгейі (%) |
Жұмыспен қамтылғандар (адам) |
|||
2015-2016 |
66 |
51 |
77,3 |
2016-2017 |
19 |
17 |
89,5 |
2017-2018 |
37 |
30 |
81,1 |
2018-2019 |
65 |
57 |
87,6 |
2019-2020 |
50 |
38 |
76 |
Барлығы |
237 |
193 |
81,4 |
Мамандықтар бөлінісінде түлектерді жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер
Мамандықтар |
2015-2016 о/ж., Бітіру шілер/ Еңбек ке орналасқаны |
2016-2017 о/ж., Бітіру шілер/ Еңбек ке орналасқаны |
2017-2018 о/ж., Бітіру шілер/ Еңбек ке орналасқаны |
2018-2019 о/ж., Бітіру шілер/ Еңбек ке орналасқаны |
2019-2020 о/ж., Бітіру шілер/ Еңбек ке орналасқаны |
Орташа көрсет кіш |
1504000 - Фермер шаруашылығы |
66/51 |
19/17 |
15/13 |
31/28 |
0 |
131/109 |
1201000- Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану |
0 |
0 |
22/17 |
17/14 |
10/7 |
49/38 |
1510000-Ауылшаруашылығын механикаландыру |
0 |
0 |
0 |
17/15 |
11/8 |
28/23 |
0518000-Есеп және аудит |
0 |
0 |
0 |
0 |
29/23 |
29/23 |
ЖИЫНЫ |
66/51 |
19/17 |
37/30 |
65/57 |
50/38 |
237/193 |
%-дық қатынаста |
77,3 |
89,5 |
81,1 |
87,6 |
76 |
81,4 |
Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып табылады.Колледжде түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыруды қадағалау және жәрдемдесу жүйесі әзірленді:
-Түлектерді кәсіби жұмыспен қамту және ақпарат жинау;
-Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру, ағымдағы бос орындар туралы ақпарат беру, жұмыс берушілермен қарым – қатынас тәсілдері мен дағдыларына үйрету;
-Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу;
-Ұлытау ауданының жұмыспен қамту бөлімімен өзара тығыз қарым –қатынаста болу;
-Аймақтағы кәсіпорындармен және басқа да жұмыс берушілермен өзара қатынас жасау.