Негізгі бет

Колледж туралы

Менеджмент

Қызмет

Оқу-тәрбие жұмысы

Талапкер

Студент

Қашықтықтан оқыту

Ішкі тәртіп ережелері

«Қарсақпай агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры 

________ Садуакасов Д.С.

“____”  __________ 2020ж.

 

« Қарсақпай агротехникалық колледжі» 

 коммуналдық    мемлекеттік  мекемесінің                 

  ішкі тәртіп Ережелері :

  1. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР:

1.1.  Осы ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының  43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде  әзірленіп, ішкі тәртіп Ережелерінің негізгі мақсаты - еңбек және оқу кестесінің құрылуы, еңбек және оқу тәртібін нығайту, оқу үрдісінің ұйымдастырылуын жақсарту,жатақханадағы тәртіп және құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, еңбек пен оқу уақытын тиімді қолдану болып табылады.

            1.2. Колледждің  еңбек және оқу тәртібін педагогтар құрамының, қызметкерлердің, жұмысшылардың,   студенттердің жауапкершілікпен орындауы олардың тиімді еңбектері мен сапалы оқуларының негізгі шарты болып табылады.

1.3 Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңына (45 бап «Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауакершілігі»,47-бап «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауакершілігі», 51-бап «Педагог қызметкерлердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі») сәйкес колледж оқытушылары, қызметкерлері және білім алушылары осы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.

1.4 Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңының 47-бабы 18-тармағының негізінде колледж білім алушылары міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік шаралар  осы ішкі  ережелерде көзделгендей   қолданылады.

1.5. Колледж ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығының 5 – қосымшасына сәйкес, Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде мамандар даярлауды қамтамасыз етеді.

1.6. Оқу жылы 1 – қыркүйектен басталады.

1.7. Сабақтар бір ауысымда жүреді. Сабақтың басталуы: сағат 8.30 да

Сабақтың алдында қоңырау екі рет соғылады, біріншісі сабақ басталардан 2 минут бұрын студенттер үшін ескертпе қоңырауы және екіншісі педагогтар үшін соғылатын қоңырау.

1.8. Бір сабақтың ұзақтығы оқу орындары мен ұйымдарының бекітілген нормативтерімен және оқу ұйымдарында қолданылатын оқу технологияларына сәйкес.

1.9. Педагогтар мен студенттер сабаққа дайындалу және кабинетті сабаққа даярлау үшін 15 минут бұрын келеді.

1.10. Оқу үрдісі оқу кестесі  негізінде іске асады.

1.11. Студенттерді колледж  әкімшілігінің рұқсатынсыз колледж аумағынан тыс жерге алып кетуге тыйым салынады.

1.12. Оқу ғимаратындағы жалпы тәртіпке кезекші әкімшілік өкілі, кезекші педагог қызметкерлер, шаруашылық қызметі  жауап береді.

1.13. Колледжде болған уақытында әр студент өз киімі және жеке мүлкі үшін жауапкершілікті өзіне алады.

1.14. Колледжде спирттік ішімдік ішіп келген жағдайда педагогтар мен қызметкерлер  жұмыстан шығарылады, ал студенттер оқудан шығарылады.

1.15. Колледж территориясында шылым шегуге, түкіруге, қоқыстауға және басқа да құқыққа қарсы нәрселер жасауға қатаң тыйым салынады. Ондай іс-әрекеттер болған жағдайда тәртіп бұзушыға тәртіптілік шаралары қолданылады немесе қызметкерлер жұмыстан, ал студенттер оқудан шығарылады. Қазақстан Республикасы заңдылықтарын бұзған уақытта немесе тұлғаға қарсы бағытталған қарсылық іс-әрекеттер байқалған жағдайда және колледжге шығын әкелер болса, қызметкерлер жұмыстан шығарылады, ал студенттер қайта қабылданусыз оқудан шығарылады.

1.16. Колледжде және жатақханада діни киімдер киюге және  сиынатын бөлмелер мен діни қатынастар жасауға тыйым салынады.

1.17. Колледждің мүлкін құртқан жағдайда кінәлі оны бастапқы күйдегідей орнына келтіреді немесе нарықтық бағасын төлейді.

1.18. Колледжде немесе жатақханадағы мүлікті тартып алушылық, тәртіп бұзушылық, төбелес жағдайлары орын алған жағдайда, студенттер оқудан шығарылады.

1.19. Колледж педагогтары мен студенттері кезекші педагогтың, және қауіпсіздік қызметі жұмыскерлерінің талаптарын орындауға міндетті.

1.20. Колледж қабырғасында, оқу ғимаратында және жатақханада студенттерге, жұмысшыларға және студенттерге саяси партиялар мен басқа қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламаларын, жарғылық талаптары мен ұстанымдары бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады.

1.21. Колледждің педагогтары, жұмысшылары және студенттері осы берілген Ережелермен міндетті түрде танысулары керек.

 

  1. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ:

2.1. Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік мынадай талаптарды қоюға құқылы:

  • жеке басының куәлігі мен төлқұжаты
  • мекендеу қағазы немесе азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаға, Қазақстан Республикасының аумағында үнемі тұратындарға);
  • арнайы білімді, дағдыны талап ететін еңбек шартын жасасу үшін кәсіптік дайындығы мен арнайы біліктілігін растайтын құжаттар, білім туралы құжаты;
  • еңбек кітапшасы (еңбек өтілі бар тұлға үшін);
  • әскери есептік құжаты (әскери міндетті және әскери қызметке шақыртылатын тұлғалар);
  • медициналық тексерістен өткендігін куәландыратын құжаты;

2.2. Жұмысқа қабылданушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен анықталған мерзімге сай еңбек келісімін жасайды.

2.3. Жұмысқа алынар  кезде әкімшілік мынадай құқықтарға ие:

  • жұмысқа алынар кезде жұмысшының кәсіптік жарамдылығын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 36 бабының 1-тармағына сәйкес, 3 айдан көп емес мерзімге сынақ өткізуге;

2.4. Еңбек келісім шарты жазбаша түрде екі данадан кем емес болуы керек  және оған тараптар қол қояды.  Еңбек келісім шартының бір данасы жұмыс берушіде және бір данасы жұмысшыда сақталады. Жұмысшының Еңбек келісім шартының бір данасын алғанын жазбаша түрде растайды.

2.5. Жұмысқа қабылдану Еңбек келісім шартының негізінде директор бұйрығымен ресімделеді және жұмысшыға қол қоюы арқылы жария етіледі.

2.6. Жұмысқа қабылдау кезінде әкімшілік:

 - Колледждің Жарғысымен және ішкі тәртіп Ережелерімен таныстырады;

  • - техникалық қауіпсіздік, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғаудың басқа да ережелерімен нұсқаулық жүргізеді;

2.7. Жұмысқа алғаш қабылданып, 5 күннен артық жұмыс істеушіге енгізілген заңдылық негізінде еңбек кітапшасы арналады. Сағаттық төлем шарты бойынша жұмыс істеушіге, егер бұл жұмысы негізгі жұмыс болса, еңбек кітапшасы ашылады.

2.8. Еңбек келісім-шартына өзгертілу мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстырылуы тараптармен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32 бап 1-тармағымен қарастырылған тәртіп негізінде, жазбаша түрде іске асады.

2.9. Еңбек келісімінің тоқтатылуы қарастырылған заңдылық негізінде және келісім шартта көрсетілген негіз бойынша орындалады.

2.10. Еңбек келісімінің тоқтатылуы колледж  директорының бұйрығымен ресімделеді. Жұмысшының жұмыстан шыққан күнінде (жұмысының соңғы күні жұмыстан шыққан күні болып есептеледі), оған жұмыстан шыққаны туралы жазуы бар еңбек кітапшасы тапсырылады жәнеесеп айырылысу жүргізіледі. Еңбек кітапшасындағы жұмыстан шығуының себебі туралы жазу заңдылық негізінде, заңдағы баптарға сүйене отырып жүргізілуі тиіс.

 

3.СТУДЕНТТЕРДІ  ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЖӘНЕ ШЫҒАРУДЫҢ ТӘРТІБІ:

3.1. Студенттерді оқуға қабылдау Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11)тармақшасына сәйкес және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

3.5. Студенттерді колледжден шығару келесі негізде:

– студенттің колледж директорының атына жазған өтініші негізінде;

– студент бір колледжден екінші бір колледжге ауысқан кезде

– Колледж Жарғысын, оның ішінде студенттің ар – намыс кодексін бұзған жағдайда

– жасөспірімдер істері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде (кәмелеттік жасқа толмаған студенттер үшін)

 

  1. Колледжде СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРЫЛУ ТӘРТІБІ:

4.1. Колледж директорының атына жатақханада тұруға мұқтаж екендігі  туралы жазылған өтініші бойынша.

4.2. Колледж жатақханасынан студент келесі негізде шығарылады.

- . Колледж ішкі тәртіп Ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған жағдайда;

- медициналық анықтамасы негізінде денсаулығына байланысты;

- өз еркімен;

- бөгде адамдарды жатақханаға себепсіз кіргізгені үшін;

- жатақхананың қоғамдық, ғылыми және мәдени өміріне белсенді қатысуға ниеті болмаған жағдайда;

- ұлттық және жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарға құрметпен қарамағанда;

- жатақхананың ішінде және сыртында тазалық сақтамаған жағдайда;

-жатақханаға кесетін, түйрейтін, жарылғыш-қопарғыш заттарды, газ баллондарын және оқпен атылатын қаруларды әкелгені үшін;

- өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін;

- жатақхана жеке мүлігіне (шкафтар, көрнекі құралдар, кітаптар, құралдар, графиндер, құрал-жабдықтарға ұқыпсыз қарағаны үшін;

 

5.ӘКІМШІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

5.1. Колледж әкімшілігі:

- Қазақстан Республикасы  еңбек заңдылығы талаптарын, келісімдерді, ұжымдық, еңбек шарттарын, олар бойынша шығарылған актілерді сақтауға;

- оқу және еңбек тәртібін нығайтуға;

- студенттер құрамы мен колледждің басқа қызметкерлерінің еңбегінің ұйымдастырылуы, олардың лауазымдары мен біліктілігі бойынша тиімді жұмыс істеуіне;

- жұмысшыларға уақытылы тапсырма беруге, педагогтар мен студенттерге оқу сабақтарының кестесін хабарлауға, оларға қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етуге (жабдықтар, техникалық құралдар);

- еңбектің, оқудың және тұрмыстың денсаулыққа қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге;

- жұмысшылардың, педагогтардың техника қауіпсіздігін, өндірістік тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтауларын үнемі бақылауға алулары;

- заңдылық қарастырған әлеуметтік жеңілдіктерді жұмыскерлерге ұсынуға;

- ұжымдық келісімдерді жүргізу, ұжымдық келісім шарттарды жасауға, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау мақсатында жұмысшылардың өкілдеріне толық және анықталған ақпараттарды беруге;

- Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілері, еңбек, ұжымдық келісім шарттар, директордың бұйрығы негізінде жұмысшылардың еңбек ақысын және басқа төлемдерді өз уақытында және толық беруге;

- .Колледж жұмысшыларының біліктілігін көтеруге;

-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қызметкерлердің  еңбектегі табыстары үшін материалдық түрде марапаттау, мадақтау, тәртіп жазасына және материалдық жауапкершілік тәртіпке тартуға міндетті.

5.2. Аптаның белгіленген күндері қызметкерлер мен студенттерді жеке сұрақтары бойынша қабылдауға міндетті.

 

  1. ПЕДАГОГТАР МЕН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

6.1. Колледж педагогтары мен жұмысшылары:

- Колледж Жарғысы және директор бұйрығын, еңбек, ұжымдық келісім шарттарға сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;

- еңбек тәртібін сақтау;

- еңбекті қорғау, өндірістік тазалық, өрт қауіпсіздігін және технологиялық тәртіп талаптарын қатал түрде орындауға;- колледж мүлігіне және жұмысшыларына, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп туралы дер мезгілінде хабарлауға;

- қызметтік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын өзіне белгілі деректерді жария етпеуге;

- ішкі тәртіп Ережелерін шынайы және дұрыс орындауға;

- лауазымдық міндеттерін өз уақытында және сапалы түрде орындау;

- оқу-ғылыми  және өндірістік жабдықтарды, аппаратураларды, материалдарды, кітап қорын, мүліктерді сақтау және тиімді қолдану;

- өз кәсіптік біліктілігін үнемі жүйелі түрде көтеруге;

- жұмыс орнын тазалықта және тәртіпте ұстауға;

- белгіленген заңдылық аясында жұмыс берушіге келтірілген залалды орнына келтіруге міндетті;

6.2. Әр жұмысшының міндеттері еңбек келісімімен, лауазымдық нұсқаулықпен және колледж ережесімен анықталады.

6.3. Қызметкерлер директордың нұсқаулықтарын және колледждегі  педагогикалық кеңес шешімдерін орындауға міндетті.

- колледжде  өткізілетін іс-шараларға және циклдық комиссияның оқу-әдістемелік жұмыстарына

қатысуға;

- жұмыс барысында колледжге мүліктік зиян тигізбеу;

- өзара ауыстыруды қолдану мақсатында бағыттас жұмыстарды орындауға;

- оқу және тәрбие үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге (лауазымдық нұсқаулық негізінде);

- кадрлар бөліміне  медициналық байқаудан өткені туралы анықтаманы уақытылы өткізуі керек. медициналық байқаудан өтпегендер жұмысқа жіберілмейді;

-педагогикалық әдеп нормаларын сақтау;

- студенттер мәртебесін құрметтеуге;

- салауатты өмір салтын сақтау және оны уағыздау;

6.4. Топтың жетекшісі студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуын, қалған уақытын өтеуін, колледждің  және жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерінің орындалуын қадағалап бақылайды.

6.5. Оқу тобының жетекшісі және оқу кабинетінің, зертхананың  меңгерушісі бекітілген кабинеттің, зертхананың тазалық жағдайына және мүліктерінің сақталуына бақылау жасайды. Тазалық жағдайының жалпы бақылауын кезекші топ жүргізеді.

 

6.6.Колледж ішінде оқу-тәрбие үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуде студенттер мен техникалық қызметкерлердің ішкі тәртіп ережелерінің, еңбек тәртібінің қатаң сақталуын бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүргізеді.

6.7. Өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жұмысшылар Қазақстан Республикасының Заңнамалары және берілген Ережелер колледж  Жарғысының негізінде жауап береді.

 

7.Студенттердің НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

7.1.  Колледж білім алушылары міндетті:

- мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білім мен білікті терең меңгеруге;

-оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін уақытылы орындау;

- сабақтан қалмауға және кешікпеуге;

- колледжде  талап етілетін киімде келуге;

- Колледж Жарғысын және жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерін сақтауға;

- Колледж әкімшілігінің бұйрықтарына, Үкіметтің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және Ұлытау ауданы Қарсақпай поселкесінің атқарушы ұйымдарының өкімдеріне бағынуға міндетті;

 - Колледж студенттеріне мемлекеттік және әкімшілік ұйымдары, колледж әкімшілігі рұқсат етпеген іс-шараларға қатысуға (митингілер, шерулер және ереуілдер және т.б.) рұқсат етілмейді;

7.2. Сабақтан қалған сағаттар сабаққа келген күннен бастап, он күн көлемінде (егер ол жатақханадағы кезекшілік немесе әскери комитетке барған күндері болмаса) өтелуі керек. Сабаққа кешіккендері де сабақтан қалғанына саналып, ол да орнына келтірілуі тиіс. Орны өтелмеген пәндер бойынша қанағаттандырарлық емес баға қойылады.

7.3. Аттестация барысы немесе емтихан кезінде үш қанағаттандырарлық емес баға алған жағдайда, білім алушы колледжден  шығарылады.

7.4. Ауырғаны бойынша немесе басқа да себепті жағдай бойынша, сабаққа келмеген студент үш күн ішінде директордың оқу бойынша орынбасарын және бөлім меңгерушісін немесе топ жетекшісін хабардар етуі қажет. Егер студент науқастанғанына байланысты сабақтарды жіберсе, белгіленген үлгідегі амбулаторлық дәрігердің немесе емдеу бөлімінің анықтамасын көрсетуі керек.

7.5. Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін орындауы керек.

 

8.АТА-АНАЛАРДЫҢ (НЕМЕСЕ ЗАҢДЫ ҚАМҚОРШЫЛАРЫ) НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

8.1. Балаларын тәрбиелеу және олардың жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуына;

8.2. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша белгіленген мерзімде оқушыларға «шартты түрде» келесі курсқа ауысқан жағдайда академиялық қарызды жоюға;

8.3. Колледж жарғысын орындауға және ережесін сақтауға;

8.4. Колледждің ата-аналар жиналысына қатысуға;

8.5. Білім алушылардың мемлекеттік меншікке мұқият қарауына.

 

  1. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ:    

9.1. Колледж әкімшілігі, педагогтары және техникалық қызметкерлері үшін 6 күндік жұмыс уақыты қарастырылған:

-жұмыс күні педагогтар үшін сағ.8.30-дан 17.30-ге дейін;

-түскі үзіліс педагогтар үшін 13.00-ден 15.00-ге дейін,

                                                (3-жұптық сабақ болған жағдайда түскі үзіліс:  13.30 – 15.30.-ға дейін);

-сенбі күні 8.30-дан 13.30-ге дейін (үзіліссіз).

-колледж әкімшілігі және техникалық кызметкерлері үшін сағ.9.00-ден 17.30-ге дейін

-түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін

-сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін(үзіліссіз).

9.2. Педагогтар құрамы үшін 7 сағаттық жұмыс күні, сенбі күні 5 сағаттық жұмыс күні орнатылған. Жұмыс мерзімінде оқытушылар оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының барлық түрлерімен айналысулары керек.  Оқу сабақтары кестесінің, жеке жоспарларының, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының орындалуын бақылау:

- Оқу топтарындағы өткізілетін сабақтары мен оқу жүктемесін қосқанда, штаттағы колледж педагогтары жұмыс орындарында күнделікті сағат 8.30-ден 17.30-ге дейін болулары керек.

9.3. Оқу-көмектесушілік және әкімшілік-шаруашылық қызметшілердің жұмыс уақыты аптасына 40 сағатқа созылады.

9.4. Педагогтар құрамының, жұмысшылардың және қызметкерлердің қосалқы жұмыс атқарулары негізгі жұмыстан бос уақытында өтуі керек. 

9.5. Жұмысшылдардың басқа топтарына, директор орынбасарларына, кадр бөлімінің меңгерушісіне, жұмыстың басталуы мен аяқталуының басқа мерзімі орнатылуы немесе нормадан тыс жұмыс уақыты орнатылуы мүмкін.

9.6. Кадр бөлімінің меңгерушісі мен директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары педагогтардың, жұмысшылардың жұмысқа келулері мен кетулерінің есебін күнделікті жүргізіп, айдың соңында оқу уақытының есебінің табелін колледж бухгалтериясына өткізулері керек.

9.7. Колледж жұмысшыларының еңбек демалысы кестелері күнтізбелік жылға құрылып, жұмысшылардың барлығына хабарлануы керек. Студенттер құрамына еңбек демалысы жазғы демалыс уақытында беріледі.

9.8. Колледж екі айда бір рет өткізілетін негізгі іс-шаралар:

- педагогикалық кеңес;

- қажеттілігіне байланысты кіші педагогикалық кеңестер;

- айдың төртінші аптасының сейсенбісінде топ басшыларының отырысы;

- әдістемелік кеңес,  айдың 4 – аптасында  отырысы;

- әр дүйсенбі сайын директор орынбасарларының директордағы өндірістік кеңесі;

- әр жұма сайын оқу топтарында сынып сағаттары;

- әр бейсенбі сайын оқу кабинеттерінің және қосымша аймақтардың кеңейтілген тазалығының ұйымдастырылуы;

- әр бейсенбі  сайын колледж төңірегінде сенбіліктер мен тазалау жұмыстары ұйымдастырылады;

- ата-аналар жиналысы жарты жылдық  нәтижелері бойынша өткізіледі;

- топ жетекшілерінің отырысы өткізіледі. 

 

  1. ОҚУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ:

10.1. Колледж оқу сабақтары оқу кестесі негізінде қазақ тілінде жүргізіледі.

10.2. Оқу кестесі оқу жоспары және бағдарламалары негізінде бір жарты жылдыққа  құрылып, оқу басталуына 7 күн қалғанда ілінеді.

10.3. Академиялық сағат  45 минутқа созылады, оқу сабақтары жұптық сабақ түрінде өткізіледі.  Сабақтың басталуы мен аяқталуы педагогтар мен студенттерге қоңыраудың соғылуы арқылы білдіріледі.

Сабаққа арналған қоңырау кестесі:

                      1-жұптық сабақ   -   сағ:  8:30-10:00.

                      2-жұптық сабақ  -    сағ:  10:10-11:40.

                      3-жұптық сабақ   -   сағ: 11:55-13:25.

10.5. Оқу топтарындағы барлық студенттердің ішіндегі ең үздік және тәртіпті студенттердің бірі топ старостасы болып сайланады.

 

  1. МАДАҚТАУЛАР

11.1. Өз лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, еңбектегі жаңашылдығы және басқа да

жетістіктері үшін қызметкерлерге, жұмысшыларға келесі мадақтаулар қолданылады:

- алғыс жариялау;

- сыйақы беру;

- бағалы сыйлықпен марапаттау.

Қызметкерлер мен жұмысшылар ерекше қызметтері үшін:

-төс белгілеріне, медаль және ордендер;

-құрметті атақ ұсынылады.

11.2. Жақсы үлгерімі, үлгілі тәртібі және колледжде қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар қолданылады:

- алғыс жариялау;

- сыйақы беру;

- бағалы сыйлықпен марапаттау.

            11.3. Мадақтаулар колледж директорының бұйрығымен жарияланады, ұжымның барлық мүшелеріне жеткізіледі және жұмысшының еңбек кітапшасына немесе студенттің жеке ісіне жазылады.

 

  1. ЖАЗАЛАУЛАР

12.1. Еңбек тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін және еңбек келісімі шарттарын бұзғаны үшін жұмысшыға келесі тәртіптік жазалаулар қолданылады:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- ҚР Еңбек кодексімен бекітілген еңбек келісім шартын директор бастамасымен бұзу.

12.2. Оқу тәртібін, ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін стуцденттерге келесі тәртіптік жазалаулар қолданылады:

 - ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- оқу орнынан шығару.

12.3. Жазалау қолданылғанға дейін жұмысшыдан немесе студенттен түсініктеме алынады. Жұмысшының немесе студенттің жазбаша түрде түсініктеме бермеуі, тәртіптілік жазадан босатпайды; әкімшілік тәртіптік жазалауды тәртіпсіздік анықталған кезден бастап бір ай көлемінде, жұмысшының, студенттің ауырған кезін немесе еңбек демалысын санамағанда, қолданылады. Тәртіптік жазалау тәртіпсіздік орын алған 6 ай ішінде орындалуы керек.  Егер колледжде материалды шығын келтірілмесе, әрбір тәртіп бұзушылық үшін бір тәртіптік жазалау қолданылады. Бұл жағдайда тәртіпсіздіктің ауырлығы, жағдайлары, алдын жұмыстар есепке алынады (оқуы және жұмысшының, студенттің тәртібі).

12.4. Тәртіптік жазалауды колледж директоры жариялайды және жұмысшыға, студентке 3 күндік мерзімде хабарланады, содан кейін директор бұйрығымен колледж ұжымына жеткізіледі.

12.5. Егер тәртіптік жазалау қолданылған бір жыл ішінде, жұмысшы немесе студент жаңа тәртіптік жазалау алмаса, онда ол тәртіптік жазалау алмаған болып саналады.  Егер жұмысшы немесе студент жақсы және адал еңбегімен (оқуымен) көрінсе, әкімшілік оған салынған тәртіптік жазалауды қысқа мерзімде алып тастайды.

12.6. Тәртіптік әрекетті жасауда тәртіптік жаза шаралары ретінде еңбек шарты бұзылады. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 52-бабының І-тарау 8), 9), 10) тармақтары бойынша

  • жұмыскердің үш сағат ішінде немесе одан артық сағат қатарынан бір жұмыс күнінде негізді себепсіз болмауы (жұмыс ауысымы);
  • жұмыскердің жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, токсикоманиялық мас жағдайда болуы;
  • тиісті актімен расталған алкогольдік, нашақорлық, токсикоманиялық мас болу жағдайын тудыратын заттарды қолдану айғағын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тарту;

13.ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ТӘРТІП:

13.1. Әкімшілік және колледж  кабинеттерінің, жабдығының және басқа мүліктерінің сақтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар оқу дәрісханаларындағы, бөлмелердегі және тұрмыстық дәрістердегі қажетті тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Ғимарат күзеті, мүліктер мен олардың өрт қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайы директор бұйрығымен арнайы әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерге жүктеледі.

13.2. Оқу бөлмелері мен тұрғын бөлмелердегі тәртіп пен тазалық үшін (жиһаздардың, оқу жабдықтарының орнықты болуы, қалыпты температураның, жарықтың сақталуы және тағы басқа) жауапкершілікті вахтер және кабинет меңгерушілері көтереді.

13.3. Зертханалардағы және шеберханалардағы,кабинеттегі оқу-ғылыми жабдықтардың қалыпты болуына, сабаққа оқу құралдарының дайын болуына кабинет меңгерушісі жауап береді.

13.4. Колледж  және жатақхана дәліздерінде:

- бас киіммен жүруге;

- қатты сөйлеуге, шулау сабақ кезінде дәлізде жүруге;

- шылым шегуге, спирттік ішімдіктерді және есірткі құралдарын қолдануға;

- түнгі ұйқы кезінде және сабаққа дайындық кезінде холлда, дәлізде жүруге;

- демалыс бөлмесінде сағат 23.00- ден кейін теледидар көруге;

- бөтен тұлғаларды жатақханаға алып келуге тыйым салынады.

13.5. Арнайы тәртіп пен тазалықты барлық оқу, оқу-өндірістік жайларда және жатақхана холлдарында колледждің техникалық жұмысшылары жүргізеді, ал бөлмелерді студенттер тазалайды.

13.6. Арнайы тармақтарды бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасы  Азаматтық Заңдылықтары негізінде әрбір тәртіп бұзушы дербес жауап береді, сонымен қатар Ереженің жекелеген тармақтарын бұзғаны үшін айыппұл салынады  Ішкі тәртіп Ережелерімен, Ереже бекіткен тәртіпті өзінің күнделікті жұмысында, оқуында орындауға міндетті,  барлық жұмысшылар мен студенттерге таныстырылуы тиіс.