«Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ
Ереже колледждің Бекітемін Педагогикалық Кеңесінде қаралды Директор
Хаттама № 1 28.08.2019 ж. _______Садуакасов Д.С.
АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ
Қарсақпай 2019
Ата-аналар комитеті туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Бұл ереже колледждің өзін-өзі басқару ұйымы болып саналады,колледждің ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жария етеді.
- Ата-аналар комитеті туралы ереже колледжішілік ата-аналар жиналысында қабылданады және және колледж басшысы бекітеді.
- Ата-аналар комитетін төраға басқарады.Ата-аналар жиналысын өткізуге мүшелері жауапты болады.Ата-аналар комитетінің жұмыс жасау мерзімі-1 жыл.
- Ата-аналар комитетінің жұмысының жүйелі жасалуын бақылау үшін колледж директорының орынбасары мүшесі болып бекітіледі.
- Ата-аналар комитетінің жұмысы БҰҰ-ның Баланың құқығы туралы конвенциясымен, ҚР Білім туралы заңы,білім беру ұйымдарындағы типтік ережелермен, колледж жарғысымен және жалпы ережелермен байланысты болады.
- Ата-аналар комитетінің шешімі ұсыныс ретінде беріледі.
- Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері.
-колледж әкімшілігімен бірге оқу процесін реттеп қалыптастыруда жағдайлар жасайды.
-оқушылардың өмір қауіпсіздігі және денсаулығы ,жеке тұлғаның еркін дамуы,оқушының қызығушылығының заң жүзінде қорғалуы,мектепшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі.
-Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру,оқушының құқығын және баланың жан-жақты дамуындағы отбасының жағдайы.
- Ата-аналар комитетінің қызметі
- Оқу процесін ұйымдастыруда қалыпты жағдайлар жасау(оқулықпен қамтамасыз ету,көрнекі –құралдар дайындауға көмектесу)
- Әр топтағы ата-аналар комитетінің іс-әрекетін жүйелеу ,бақылау.
- Ата-аналар арасында түсіндіру және ұсыныс беру жұмыстарын ұйымдастырады.
- Колледжішілік іс-шараларды ұйымдастыруда ата-аналардың оқу орнымен байланысын нығайту
- Колледждің жаңа оқу жылына дайындығына қатысу
- Колледж әкімшілігімен бірге дұрыс тамақтанумен дәрігерлік қызметті бақылайды 7.Колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысын өткізуге көмектеседі
2.8.Өз тараптпарына түскен ұсыныс ,сұрақтарды қарастырады.Колледж басшысының нұсқауымен осы ережеде көрсетілген комитет құзырындағы мәселелерді қарастырады. 2.9.Комитет құзырына кіретін колледжішілік сұрақтарды қарастырады.
- Оқу процесіндегі қауіпсіздік шарттарын іске асыруға,ұйымдастыруға санитарлық- гигиеналық ережелермен талаптарды сақтауға қатысады.
- Коллледж өмірінің қалыптасу дәстүріне байланысты үгіт насихат мәселесімен басқа қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды
- Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәртіпбұзушылық,бақылаусыздық,қараусыздық пен қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша педагогикалық коллективпен байланыс жасайды.
- Комитет құзырына жататын мектепшілік іс-шаралар өткізу және басқа мәселелер бойынша жастар комитетімен, басқада ұйымдармен байланыс жасайды.
- Ата-аналар комитетінің құқығы
Осы ережеде айтылған комитеттің құзырына сәйкес төмендегідей құқықтары бар
-колледж әкімшілігіне,өзін-өзі басқару ұйымдарына ақпараттар жөнінде нәтиже алу,оларды қарастыруға ұсыныс жасау
-басқа мекемелермен ұйымдарға түсініктеме беруге
-колледж әкімшілігінен және өзін-өзі басқару ұйымдарынан ақпарат алу немесе оны тыңдау
-топтардың ата-аналар комитетінің шешімдеріне сәйкес оқушылардың ата-аналарын өз отырыстарына шақыру
-отбасындағы бала тәрбиелеудегі кемшіліктері үшін ата-аналарға сын айту
-колледжішілік және т.б іс-шараларды өткізуге көмектесіп,белсенділік танытқан ата- аналарды марапаттау
- Ата-аналар комитетінің жауапкершілігі Комитет
-жұмыс жоспарының орындалуына
-комитеттің ұсыныстары мен шешімдерінің орындалысына
-колледж әкімшілігімен ата-аналар арасындағы отбасылық және қоғамдық тәрбие жөніндегі өзара түсіністік мәселелерін қалыптастыру
-қолданылатын заңнамаларға сәйкес сапалы шешімнің қабылдануына
-комитеттің жеке және барлық мүшелерінің әрекетсіздігіне
-ата-аналар комитеті төрағасының ұсынысы бойынша комитет жұмысына қатыспаған мүшелері,сайлаушылардың шешімімен орнынан алынуына жауап береді
- Жұмысты ұйымдастыру
- Комитет құрамына әр топтан бір ата-ана кіреді.Жыл басындағы өтетін ата-аналар жиналысындағы өкілдер комитетке сайланады
- Комитеттің сандық құрамы өз еркімен анықталады.
Өз құрамынан комитет төрағасы сайланады( санына байланысты төрағаның орынбасарларымен ,хатшылары сайланады)
- Комитет колледж директорының келісімімен жасалған жұмыс жоспарымен қызмет етеді
- Комитет өз жұмысы жөнінде жылына бір рет жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысында есеп береді
- Комитет отырысқа қатысқан тең жарты мүшелерімен шешім қабылдай алады.Шешім көпшілік дауыс арқылы қабылданады.
- Іс-жүргізу
- Комитет жалпы білім беру мекемелеріндегі іс-жүргізу нұсқауларына сәйкес жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысының және өз отырыстарының хаттамаларын жүргізеді
- Хаттамалар колледж кеңсесінде сақталады
- Комитеттегі іс-жүргізу жауапкершілігі комитет төрағасына немесе хатшыға жүктеледі.